«Музыкалық білім және вокал» кафедрасы

Музыкалық білім және вокал кафедрасы

Музыка кафедрасының тарихы сонау 1990 жылдан басталады. Осы жылы көркемдік –графикалық факультет базасында 0317 «Музыка және ән» мамандығы ашылып, кейіннен 031740 «Музыкалық білім» кафедрасы болып қалыптасты.

1995-96 оқу жылдарында «Музыка және ән» кафедрасын п.ғ. к., доцент Меңдіғаным Мергенбайқызы Нағымованың басқаруымен кафедраның ғылыми–методикалық жұмыстары жолға қойылып, нәтижелі жұмыстар атқарылды. Мамандықты шыңдау барысында шығармашылық кәсіби бағытын дамытуда композиторлар одағының мүшесі Әшір Молдағайынов және білікті оқытушылар: С.Н.Хамитова, Р.Ғ.Шынтемирова, Н.Г. Сиваш, Н.А. Думчева т.б. сынды тұлғалар арнайы жұмысқа шақыртылып, кафедраның дамуына зор үлестерін қосты.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында әртүрлі кезеңдерде музыкалық педагогика саласының білікті мамандары: Казақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының профессоры, п.ғ.д. Р.Р.Джардемалиева, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Э.Б.Абдуллин, өнертану докторы, Қ.Ұ.К. профессоры Б.И. Каракулов, Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қ.Ұ.К. профессоры А.Т.Жайымов секілді майталмандар шақырылып отырды.

Оқу үрдісінің әдістемелік кешені жаңарып, болашақ «Музыка және ән» мамандығының оқытушыларының оқу жоспары мен бағдарламасы ең жоғарғы талаптарға сай бола алды. Сонымен қатар кафедраны әрі қарай дамыту мақсатында өнертану кандидаты, БҚМУ профессоры С.М.Погодин, ,Қ.Р. Еңбек сіңірген әртістері, доцент Қ.Қ.Қожақов, Ж.А.Таудаева, Ж. Ә. Рахимова аға оқытушылар А.А. Құсайынов, Л.Қ.Өмірзақова, Д.М.Байтлеуов, А.Б.Жардемова, Ғ.А.Бекеева, Л.Б.Ляпина және де мамандық түлектері педагогикалық еңбек жолдарын осы кафедрада жалғастырып, қазіргі күнге дейін қызмет етуде. Олардың қатарында, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет» белгісінің иегері, әнші- композитор, БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Қ.Л. Кисметов, ҚР «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, әнші- оқытушы Д.Н.Есентемиров, аға оқытушы М.Т.Мерғалиева, әнші- оқытушы, Г.Е.Утегенова, аға оқытушы А.Ж.Кенжегалиева, аға оқытушы Э.С.Ахатова, аға оқытушы біріккен хор дирижеры К.С. Коптлеуова және Облыстық Аналар кеңес мүшесі, әнші- оқытушы Р.Ж. Куаншалиева сынды оқытушылар еңбек етуде. Кафедраның дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қоса білген п.ғ.к., доцент М.М. Нағымова, 2009 жылы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратураны ашып, жоғарыда айтылған жас мамандар «Музыкалық білім» магистратурасын тамамдады. 2015 жылы кафедра үшін өте ауыр жағдай орын алды. Бұл жылы Музыкалық білім кафедрасының негізін салушы п.ғ.к., доцент М.М. Нағымова өмірден озды.

Міне сондықтан 2015 жылы «Музыкалық білім» және «Вокал» кафедраларын біріктіруды дұрыс деп санап, кафедраның меңгерушісі ретінді М.М. Нағымованың үзенгілес әріптесі, п.ғ.к., доценті Ольга Александровна Бабенко тағайындалды.

Кафедраның түлектері еліміздегі беделді конкурстар мен фестивальдерде лауреат атанды. Д. Байтілеуовтың жетекшілігіндегі «Жас қыран» триосы- Республикалық «Жас Қанат» конкурсының және «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаттары атанды. «Ару» тобы- «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанттары, (Астана); А.Қуаналиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Ж.Утешкалиев- Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Усманов М.- Халықаралық «Жаһан дала» конкурсының лауреаты, Скорикова Мария II-Республикалық «Жас толқын» конкурсының лауреаты, «Үшқоңыр» триосы халықаралық конкурстардың лауреаты, ҚР «Құрмет» орденінің кавалері опера әншісі Капонова Айзада.

халықаралық конкурстардың лауреаты Кубиев Фархат Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының солисті.

Хасанова Жаңылсын Ғ.Қурмангалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері.

Республикалық конкурстардың лауреаты, Атырау филормониясы “Нарын” фольклорлық оркестрінің солисті Ардақ Айгалиева.

Мусагалиев Қадырболат Қабдырұлы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Қисметов Қуаныш, Утегенова Гульмира Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Жубан Ерназар, Батыс Star тобы, Қорған тобы, Каусар тобы және т.б.

Вокалдық өнер мамандығы 2001 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ да 5B040300 «Вокалдық өнер» мамандығы, «Камералық әнші» біліктілігі бойынша ашылып, күні бүгінге дейін Қазақстанның Батыс аймақтарын қамтамасыз ету мақсатында вокалист мамандар дайындауда. 2008 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан «Аспаптық өнер және Вокал» кафедрасының оқытушылар құрамы бір жағынан студент-музыканттарды оқытудағы үздік дәстүрді сақтап отырса, екінші жағынан, БҚМУ-дың мемлекеттік стандарттарына сай, кредиттік оқыту жүйесін енгізуіне байланысты, музыкалық –орындаушылық мамандықтары бакалавр болды. Осы кезден бастап, кафедраны доцент өнертану кантидаты А.В. Самаркин, кейін – аға оқытушы А.К.Габдуллина, одан осы кезге дейін п.ғ.к., доцент О.А.Бабенко басқарып келуде. Кафедраның шығармашылық, мәдени, оқу-әдістемелік базасын құрып, жұмысын көтеру мақсатында Қазақстанның ұлттық мәдениет және өнер саласының үздіктері: ҚР халық әртісі Т.К. Шамелов, ғылым докторлары, профессорлар С.А. Күзембаева М.Е.Ержанов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Қ.Қ.Қожақов, С.Ж.Таудаева, мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері Қ.Қ. Қажимов, С.А.Маулетова, өнертану кандидаты, доценттер А.В.Самаркин, С.М.Погодин, доцент О.А.Бабенко сынды майталмандары өз үлестерін қосты. Кафедраның дамуына зор үлестерін тигізген үлкен педагогикалық өтілі бар оқытушылары ретінде әр кезеңде студенттік хор коллективіне жетекшілік еткен А.Ш.Тулегенованы, В.В.Пальгованы, Н.В.Строкованы, Н.А.Шабаеваны, О.П. Окуневаны, Л.Қ.Өмірзақованы, С.В.Мелякованы, О.В. Ворфоломееваны атауға болады. Хор класы сабағына қатынаса отырып, студент өз оқытушысының жұмыс жасау үлгісін, дайындық және шығармашылық кезіндегі әдіс –тәсілдер мен технологиясын үйрену мүмкіндігіне ие болады. Мамандықты дамыту жолында кафедрада ҚР еңбек сіңірген әртістері Қ.Қ.Қожақов, Ж.А.Рахимова, «Қазақстан ұстаздар» қоғамының мүшесі Т.К. Маулетова, Үлкен хор ұжымының жетекшісі ретінде - аға оқытушы Н.А.Шабаева, С.А. Маулетова сынды оқытушылар елеулі еңбек етті.

«Вокалдық өнер» мамандығының әйгілі түлектерінің қатарында, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов Батыс өнірінің вокалдық өнерін дәріптеп келуде.

Бүгінгі таңда «Музыкалық білім және вокал» кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУдың ажырамас бір бөлшегіне айналған. Оның қызметтік тәжірибесі ЖООдағы қоғамдық ортада бастау алып, кең аспектіде таралып келеді. Кафедрада тәжірибелі оқытушылар өскелең ұрпақты ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнерді дәріптеу негізінде тәрбиелеп, музыкадығы көркемдік құндылықтарды игеру әдістемесі бағытында жұмыстанып келеді. Оқытушылар құрамының ең биік дәрежесі өздерінің және студенттерінің халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдердегі жеткен жетістіктерімен өлшеуге болады. Оқытушылардың кәсіби қызметінің басты бағыты кәсіби орындаушылық дағдыны дәстүрлі және жаңа формаларды игеру арқылы, түрлі орындаушылық интерпретациялар жасай отырып дамыту. Концерттік тәжірибемен қатар, ғылыми-ізденіс жұмыстарыда белсенді атқарылып, осыған қатысты шараларға қатынасу белсенді жүзеге асып келеді. Тақырыптың оқу, дәріс-концерттер, еңбек басылымдары – бұлар «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының атқарып отырған жұмыстарының бір бөлігі десек болады. Ұжымның негізгі ұстанған білім беру саясатындағы басты ұстанымы –бұл жоғары кәсібилік, мақсатқа жетудегі жолдың анық және түсінікті болуы. Өз жұмыстарына аса ыждағаттылықпен қарау, жоғары сапалы деңгейге жетуге ұмтылған, осыған бағытталған ұстаныммен кафедра оқытушылары жұмыс жасап келеді. Жаңа технологиялар және олармен жұмыс жасау әдістері, оқу материалдарын беруде белгілі бір мәселені шешудегі инновациялық көзқарас, әрбір студентпен жеке қарым қатынастағы икемділік – бұл кафедра оқытушыларының ішкі өзіндік ұстанымы болып табылады.

Кафедрада түрлі жоғары деңгейдегі педагогтар мен студенттердің болуы, ғылыми және шығармашылық жолдағы жоғары деңгейлік осыған дәлел. Әртүрлі сайыстар мен фестивальдерге қатынасып келе жатқан кафедра студенттері кафедраның кәсіби дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді. Кафедра академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Тәжірибе алмасу мақсатында өзге облыстан немесе жақын шетел оқу орындарынан тәжірибелі оқытушылары келіп, студенттер мен магистранттарға дәріс беріп келуде. Олардың қатарында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, п.ғ.к. Н.Е. Мукеева,

Самара мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының доценті, п.ғ.к Свитова Татьяна Викторовна,

Самара мемлекеттік мәдениет институтының «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушысы , РФ Еңбек сіңірген әртісі, Петр Иванович Приходько,

Л.В. Собинов атындағы Саратов консерваториясының профессоры, СССР Халық әртісі, Леонид Анатольевич Сметанников,

Самара мемлекеттік өнер институтының доцент, дирижер Т. Горбунцова сынды білікті оқытушылар келіп, студенттермен жұмыс жасап, шеберлік сабақтар өткізді. Сонымен қатар кафедра ұжымы және студенттер білім саласындағы реформаларды жүзеге асыру мақсатында жаңартылған білім жүйесін меңгеруде қалалық мектептермен тығыз қарым- қатынаста орнатып, тәжірибе алмасып келуде. Сондай-ақ кафедраның профессор оқутушылар құрамы «Үш тілдік» білім саясаты аясында кеңінен жұмыстанып, ағылшын тілі курстарын оқып білімдерін жетілдіруде.

Басып шығару