"Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер" кафедрасының академиялық ұтқырлық бойынша есебі (2014-2018 оқу жылдары)

Қазіргі білім беру жүйесінің дамуының маңызды үрдістерінің бірі студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы болып табылады.

Академиялық ұтқырлық - жоғары оқу орындары мен ғылымның халықаралық білім беру кеңістігіне кірігуі үрдісінің маңызды жақтарының бірі.

Академиялық ұтқырлық жеке даму үшін де, түлектерді жұмысқа орналастыру үшін де маңызды.

Академиялық ұтқырлық ықпал етеді:

- қазақстандық білім беруді халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау;

- білім сапасын және адами капиталдың даму деңгейін арттыру;

- қазақстандық білім беру бағдарламаларын шетелдік университеттер бағдарламаларымен салыстыру және тану;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационализациялауды күшейту.

Оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы.

25.02.2014 ж. Бастап мәдениет және өнер факультетінің оқытушылары ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Т. Б. Алиппаевтың "Қазақстандағы күй өнерін дамытудың заманауи тенденциялары" атты мастер-класс бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2017 жылдың қараша айының 2-17 күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты Бақыт Жолдыбайқызы Тұрмағамбетова «Музыка теориясы», «Гармония», «Сольфеджио» пәндерінен кафедра студенттерінің кәсіби білімін жетілдіріп, ПОҚ-на «Жаһандану кезеңіндегі Қазақстанның музыка мәдениеті» атты тақырыпта бағдарламалық «Шеберлік-сынып» өткізді.

Оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы

03.03.14-05.03.14 ж.аралығында П. ғ. д., профессор Ержанов Махамбет Ержанұлы "Дәстүрлі музыка өнері" мамандығы бойынша (Домбыра номинациясы бойынша)Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияға Республикалық пәндік олимпиадаға қазылар алқасы ретіндешақырылды.

Сонымен қатар, профессор М. Е. Ержанов консерваторияның 2-3 курс студенттеріне "Батыс Қазақстанның дәстүрлі музыкалық өнері " дәрістерін оқыды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығынан Республикалық пәндік олимпиаданың жұмысына қатысқаны үшін М. Е. Ержановқа алғыс хат берілді.

Аға оқытушы Потиченко Э. Г. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде белсенді жұмыстар атқарып келеді (2015-2018 жж.)

Кафедрада жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылып, өнертану кандидаты, доцент А.Т.Ерғалиева 2017 ж. 9-20 қазан аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасында орындаушылық өнер тарихы, музыкалық этнография және мамандық (қобыз) пәндерінен дәріс оқыды.

Студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы.

Атырау мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық бойынша 2016-2017 оқу жылының екінші семестрінде 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері мамандығының студенттері Жексенгулова Асемгуль мен Утениязова Баян Х. Досмұхамедоватындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға жіберілді.

2016-2017 оқу жылының екінші семестрінде 5В040200 Аспаптық орындаушылық мамандығының студенттері Егина Мария мен Учакина Ольга академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Самара қаласының Мәдениет және өнер академиясының (РФ) профессорларында фортепианолық орындаушылық кәсіби деңгейін арттырды.

2017-2018 жылдың екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша Х. Досмухамедоватындағы Атырау мемлекеттік университетінде 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері мамандығының студенті Аманкелдиев Мадихат оқыды.

Студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы.

2017-2018 жылдың екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бойынша біздің Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімізде 5В040400 Дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті А. Нұржанова оқыды.


Басып шығару