6В01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Білім беру және көркем шығармашылық саласында авторлық жаңашыл идеяларды жүзеге асыра алатын, оларды шешудің стандарттық емес және балама жолдарын таба алатын, сыни тұрғыдан ойлаумен, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері бар жобалық-графикалық қызмет негіздері мен көркем еңбек мұғалімдерін оқыту.

Бағдарламаның негізгі принциптері:

  • Халықаралық стандарттарға: пән дескрипторларына, цикл және дайындық деңгейіне (мысалы, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің үміттері) сәйкес келеді;
  • Еңбек нарығына және тұтынушыларға бағытталған;
  • Конструктивті дәйектілік пен өзектілік принципіне: түлектің моделіне, мақсаттарына, жоспарланған оқу нәтижелеріне, бағалау және оқыту әдістеріне негізделген;
  • Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген. 

 «Мектептегі көркем еңбек және дизайн» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын;

  • Инклюзивті білімге, заманауи білімнің өзгеріп отырған талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін бастамасы мен белсенділігі бар бейнелеу өнері, көркем еңбек және дизайн саласындағы толыққанды сапалы кәсіби педагогикалық білімі, кәсіби құзыреттілігі бар;
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыра білу;
  • Оқытудың инновациялық әдістерін, әдістемелік тәжірибелер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізе отырып өткізуге дағдылы;
  • Көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдыларға ие.


Басып шығару