5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Бакалавриат деңгейі

1. 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім беру мақсаттары:

− бейнелеу өнері және сызу саласындағы қажетті кәсіби білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру;

− білім беру мен өнер салаларының түрлі қызметтерін тиімді жүзеге асыра алатын зор әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

− бейнелеу өнері және сызу саласындағы көркем-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

2. Мамандық ішінде таңдау бойынша (мамандану) білім беру бағдарламаларының тізімі:

«Кескіндеме»

«Графика»

«Кіші формаларды мүсіндеу»

«Еңбек технологиясы».

3. Біліктілік және қызметтер тізімі

Аталған білім беру бағдарламасын меңгерген түлекке «Білім беру бакалавры» дәрежесі беріледі. 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының білім беру бакалавры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығының, 2010 жылдың 25 қарашасындағы № 385 бұйрығына өзгертулері мен толықтыруларымен бекітілген педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілетін тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамасына сәйкес біліктілік деңгейі жоғары маман ретінде еңбек өтіліне қарамастан жұмысқа алынады: – бейнелеу өнері және сызу мұғалімі.

4. Білім беру бағдарламасын меңгерген түлектің біліктілік сипаттамасы

4.1 Кәсіби қызмет аясы «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының білім беру бакалавры өзінің кәсіби қызметін бейнелеу өнері мен сызу аясында жүзеге асырады.

4.2 Кәсіби қызмет нысаны «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалавры кәсіби қызметінің нысаны:

− мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары;

бастауыш, негізгі орта және бейіндік мектеп;

мамандандырылған мектеп;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

4.3 Кәсіби қызмет пәні «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалавры кәсіби қызметінің пәні: – жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері мен сызу бойынша білім беру үдерісі болып табылады.

4.4 Кәсіби қызмет түрлері «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады :

− білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық);

− мәдени-ағарту (өнер мен ұлттық мәдениет туралы сұхбат, мұражайға, галереяға, сәулет ескерткіштеріне экскурсия жасау);

− көркем-өндірістік (интерьер мен экстерьерді безендіру, кәсіпорын, фирма, баспа ісі өндірісінің суретшісі);

− дизайнерлік жобалау (қолданбалы және өнеркәсіптік графика саласы);

− көркем-шығармашылық (кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы т.б. өнер туындыларын орындау).

5. Жалпы білімділігіне қойылатын талаптар: «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалаврыныңбілуі

− түрлі кәсіптік және арнайы қызметтерде әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен деректер әдістерін пайдалану принциптерінің тиімділігін білу;

− адамның қоғамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық тәртіп нормаларын меңгеру, экологиялық және әлеуметтік жобаларды жасау барысында оларды ескеру;

− қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу принциптері, әлеуметтік құралымдардың, мемлекеттік басқарудың, қоғамдық ұйымдардың экономикалық даму негіздерін білу;

− оқушылардың жас ерекшеліктерін сипаттай алу;

− қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін білу;

− адам денесінің анатомиялық құрылымдық жүйесін, пропорциясын, контруктивтік, қозғалыстағы суретін, адамның басы мен тұлғасының пластикалық сипаттамасын білу;

− психологиялық-педагогикалық жүйенің даму тарихын, зерттеу пәні мен әдістемесін меңгеру, білім беру және педагогикалық ғылымның дамуы туралы түсінігі болуы;

− оқу үдерісінің мәні, оны жүзеге асыру, бақылау, үлгісі мен диагностиканы білу;

− әдістеменің ерекшелігі мен ғылыми негізін, оқу үдерісін ойлау, өнерді қабылдау дағдысын игеру, көркем және шығармашылық өсуге ұмтылу;

− пәндердің (сызу, перспектива, өнер тарихы, кескіндеме, сурет, пластикалық анатомия, мүсін т.б.) әдістемелік негізін, айналадағы шындықты тану әдістерінің ерекшелігін, көркемдік қызмет тәсілдерін игеру;

− педагогикалық, шығармашылық және бейнелеу үдерістерінің құрылымын, теориялық негізін, бейнелеуші құрал-жабдықтарды білу;

− мамандану пәндерінің мазмұнын құрайтын әдістер ерекшелігі мен мәнін білу;

− көркемсурет стильдерінің тарихы мен теориясын, мамандану пәндері бойынша оқыту технологиясын меңгеру;

− бейнелеу өнері және сызу мұғалімінің, суретшінің кәсіби қызметінің ерекшелігін білу;

− таңдаған саласының заманауи даму тенденцияларын білу;

− осы мамандық бойынша мектептегі білім беру мазмұнын білу.

Қабілеті:

− көркемсурет жүйесіндегі түрлі даму теориясы мен тарихы бойынша алған білімін өзінің шығармашылық бейнелеу және педагогикалық қызметінде қолдану;

− көркем шығарманың мәселелерін теориялық және практикалық деңгейдегі бейнелеу және әдістемелік аспектілері бойынша шешу;

– оқушылардың эстетикалық талғамын, шешімін, бағалауын, мәдениет құбылыстары мен халықтық дәстүрлерге эстетикалық қатынасын қалыптастыру;

– мамандану пәндері саласындағы өзінің көркем-педагогикалық шеберлік деңгейін жетілдіру;

− көркем шығармашылық туындысын орындау кезінде бейнелеу өнерінің практикалық пәндері бойынша нұсқаға қарап сурет салу, еске түсіру арқылы сурет салумен игерген білімдерін қолдану;

− таңдаған мамандануы бойынша нобайлар мен шығармашылық туындыны орындай алу;

− стиль және өнердің дамуының көркем тенденциялары тұрғысынан көркемсурет шығармалары мен айқындаушы құрал-жабдықтарды талдай білу;

− оқытушылық кәсіпті жүргізу, оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру дәрежесін анықтау, оларға білім мен дағдыларды өзінен-өзі жаңарту дағдыларын үйрету;

− оқушылардың көркем шығармашылық, оқу, жұмыс және әлеуметтік қызметін басқарудың озық тәсілдерін, оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу;

− бейнелеу өнері саласындағы білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық ойлауын, шешімдері мен бағалауларын дамыту;

− озық көркем педагогикалық тәжірибені талдау, синтездеу және пайдалану, өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру;

− зерттеу саласындағы жобаларын әзірлеу барысында ғылыми-зерттеу жұмысы ретінде дипломдық жұмысты түсіну және жүзеге асыра алу;

− бейнелеу өнері және сызу саласында алған білімдері мен дағдыларын оқушылардың жасы мен жеке-типологиялық айырмашылықтарына қарап, оқу топтары және нақты педагогикалық жағдайлардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын ескере отыра шығармашылық мәселелерді шешуде қолдана білу;

− әртүрлі техника мен материалдарды пайдалана отырып, эскиздер, жұмыс сызбаларын, техникалық және басқа да көрнекі суреттер орындау, графикалық және кескіндемелік жұмыстар, пластикалық формалар (рельеф, мүсіндер) жасау, композициялық тапсырмаларды шеше алу;

− бейнелеуші және айқындаушы құрал-жабдықтар мен идеялық-шығармашылық ізденіс арқылы орындалған өнер туындыларының мазмұнын талдай білу;

− білім алушылардың эстетикалық ой-өрісі мен көркемсурет қабілеттерін дамытуға ықпал ету, олардың көркем шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру;

− оқу үдерісінде қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, оқушылармен өлкетану және экскурсиялық жұмыстармен айналысу және олармен бірге мәдениет және өнер ескерткіштерін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Оқу нәтижелері (жалпы құзыреттіліктер) «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім беру бакалаврының оқу нәтижелері мынадай қабілеттіліктерді болжайды:

6.1 Шешуші құзыреттіліктер:

· қалыптастырушылық – әлемнің ғылыми, философиялық, діни, құқықтық, әлеуметтік бейнелері туралы, адам өмірінің мәні, мақсаты мен табиғаты туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласындағы негізгі жаттығулар, мәдениет пен өнер саласындағы мәселелер мен үдерістер туралы, осы ғылымдардың кәсіби қызмет саласындағы әдістері жөнінде, арнайы бағдарламалар мен жобаларды дайындау кезінде пайдаланатын этикалық және құқықтық нормаларды қамтамасыз ету;

· жүйелеушілік - өнер, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелі тәсіл, өнердің жүйелі қағидаты) саласын, іздей алу қабілеті мен дағдысын, психологиялық және педагогикалық рәсімдей, құрылымдай және жүйелей білу, педагогикалық шындықты жүйелі ойлау мен тұтас қабылдай алу мүмкіндігіне ие болу;

· ғылыми-зерттеушілік – өзінен-өзі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстану, ғылыми-педагогикалық қызметке бейімделу, жұмысты ұйымдастырудың негізгі әдістеріне икемді болу;

· коммуникативтік– қазақ, орыс, шетел тілдерін білу, технологиялар, педагогикалық риторика мен байланыс стратегиясы салаларын білу, көпұлтты мәдениет және көпконфессиялы қоғамда, сындарлы диалогқа ептілігі мен дағдысы, педагогикалық байланысқа толерантты және қабілетті болу;

· технологиялық – өнер, мәдениет, білім беру, ақпарат салаларында білімді, заманауи технологияларды зерттеу, бағалау, таңдау және пайдалану дағдылары, жаңашылдыққа қабілетінің болуы, кәсіби шеберлікке жету, бастамашыл және еңбекқорлық мақсатын арттыру;

· бақылаушылық – менеджмент пен маркетинг саласындағы білімі, бақылау және бағалау материалдарын іске асыру және дамыту, алынған нәтижелерін интерпретациялау, адекватты өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдік пен объективтілікке ұмтылу қабілеттері мен дағдылары болу.

6.2 Арнайы құзіреттіліктер:

· бағдарламалық – кәсіби қызметтің пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім жүйесіне, суретшінің, педагогтың кәсіби борышын жүзеге асыруға икемді, шығармашылық-педагогикалық қызметтің нәтижелері үшін жауапты болу;

· пәнаралық – педагогикалық интеграция саласындағы білімі болуы, педагогикалық міндеттерді шешу үшін түрлі пәндік салаладағы білімін интеграциялау қабілеті мен дағдылары, әлеуметтік әріптестік пен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа бейімді болу;

· әлеуметтік – адам құқықтары туралы (халықаралық ережелер, ҚР білім беру және бала күтімі туралы заңнамасы) білімі, суретшінің, мұғалімнің кәсіби ар-намысы мен абыройын қорғай алу, сондай-ақ кәсіби этика нормаларын сақтай алу, суретші мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну;

· дамытушылық – қазіргі заманғы өнер саласындағы білімге ие, жоғары білікті суретшілердің тәжірибесін зерттеу, қорыту, пайдалану және тарату, өзін-өзі білім алу мен өзін-өзі тану бойынша ұмтылу;

· креативтік – шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайларға икемді және ұтқыр болу, көркем шығарма саласында авторлық тың идеяларын жүзеге асыру, айрықша шешімдер табу, бірегей өнер туындысын орындауға қабілетті болу;

· ұйымдастырушылық – өндірістік қызметтегі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, шығармашылық студиялар және т.б. жұмысын ұйымдастыру;

7. Оқыту стратегиялары мен әдістері 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша оқытудың жалпы нәтижелеріне келесі оқу іс-шаралары арқылы қол жеткізіледі:

1) аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологияларын, ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық жүйе мен технологияларды және интербелсенді формаларды қолдана отырып жүргізіледі;

2) аудиториядан тыс сабақтар: білім алушылардың өзіндік жұмыстары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар, жеке консултациялар;

3) оқу және кәсіби практикаларды өткізу, диплом жұмысын дайындау (жоба). Мамандықтың білім беру бағдарламасының мазмұны білім алушылардың пәндік, пәнаралық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін меңгеруіне, бейнелеу өнері және сызу саласында сол білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде көрсетуіне мүмкіндік береді. Дәрістер, семинарлар, пікірталастар және практикалық сабақтар, әр түрлі практикалар «5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бағдарламаның өн бойында студенттердің шешуші және арнайы құзыреттіліктерді дамытуына кеңінен мүмкіндік жасайды, соның ішінде оқыту үдерісінде педагогикалық технологиялар мен ақпарат көздерін (мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, ТВ және интернет технологиялары) қолдануға мүмкіндік береді. Профессор оқытушы құрамының студенттердің өздік жұмыстарына жетекшіліктері, жеке консультациялары студенттердің оқу және ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бітіруші курстардың студенттері өздері таңдаған тақырыпта ғылыми жетекшісінің басшылығымен дипломдық жұмыс жасайды.

Басып шығару