5В041700 – Сәндік өнер

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Бакалавриат деңгейі

1. 5В041700 – Сәндік өнер мамандығы бойынша білім беру мақсаттары:

− сәндік өнер саласындағы қажетті кәсіби білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру;

− өнер, жобалық-шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, эксперименттік-ғылыми-зерттеу және әдістемелік қызмет салаларының түрлі қызметтерін тиімді жүзеге асыра алатын зор әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

− тұрғылықты, өндірістік ортаға және халық тұтынатын тауарлар үшін бірегей сәндік өнер туындыларын дамыту;

− өнеркәсіптік кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, шығармашылық студиялар және т.б. ұйымдастыру;

− әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектептер, лицейлер, колледждер мен ЖОО) сәндік өнер тарихының, теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін шешу;

− әртүрлі толық және сапалы кәсіби білім алу мен пайдалану, шығармашылық қызметтің салаларына тиісті кәсіптік құзыреттілік болып табылады.

2. Мамандық ішінде таңдау бойынша (мамандану) білім беру бағдарламаларының тізімі:

«Металл және басқа да материалдарды көркем өңдеу»

«Көркем керамика»

«Көркем тоқыма».

3. Біліктілік және қызметтер тізімі

Аталған білім беру бағдарламасын меңгерген түлекке «Өнер бакалавры» дәрежесі беріледі. 5В041700 – Сәндік өнер мамандығының білім беру бакалавры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығының, 2010 жылдың 25 қарашасындағы № 385 бұйрығына өзгертулері мен толықтыруларымен бекітілген педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілетін тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамасына сәйкес біліктілік деңгейі жоғары маман ретінде еңбек өтіліне қарамастан жұмысқа алынады: – сәндік-қолданбалы өнер суретшісі.

4. Білім беру бағдарламасын меңгерген түлектің біліктілік сипаттамасы

4.1 Кәсіби қызмет аясы «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығының бакалавры өзінің кәсіби қызметін өнер саласындағы халық дәстүрлерін, отандық және халықаралық тәжірибе мен заманауи жетістіктерді пайдалана отырып, бірегей сәндік өнер туындыларын орындау аясында жүзеге асырады.

4.2 Кәсіби қызмет нысаны «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің нысаны:

− көркем бұйымдар жасауға арналған өндірістік орындар;

шығармашылық шеберханалар мен студиялар;

дизайн фирмалары мен қолөнер кәсіпорындары;

көркемсурет мектептері және колледждер.

4.3 Кәсіби қызмет пәні «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің пәні: – өнер саласындағы халық дәстүрлерін, отандық және халықаралық тәжірибе мен заманауи жетістіктерді пайдалана отырып, бірегей сәндік өнер туындыларын орындау болып табылады.

4.4 Кәсіби қызмет түрлері «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады :

− жобалық-шығармашылық (тұрғылықты, өндірістік ортаға және халық тұтынатын тауарлар үшін бірегей сәндік өнер туындыларын жасау);

− ұйымдастырушылық-өндірістік (кәсіпорын, ұйым, фирма, шығармашылық студия және т.б. ұйымдастыру);

− тәжірибелік-зерттеу және әдістемелік (мектептер, лицейлер, колледждер мен ЖОО-да сәндік өнер тарихы мен теориясының өзекті мәселелерін зерттеу);

− көркем мәдениет, этикалық және құқықтық нормаларды меңгеру;

− өнер, мәдениет, білім беру, ақпараттандыру саласындағы қазіргі заманғы технологиялармен қарулану;

− өндіріс, маркетинг, менеджмент және авторлық құқық жөніндегі экономика негіздерін меңгеру;

− өнер мен мәдениет, дизайн және педагогика саласындағы магистратура, аспирантура бойынша үздіксіз білімін жалғастыру.

5. Жалпы білімділігіне қойылатын талаптар: «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша бакалаврдыңбілуі:

− көркем жобалау, көркем шығармашылық заңдылықтарының теориясы мен әдістемесін және сәндік өнердің (металл және басқа да материалдарды көркем өңдеу, көркем керамика, көркем тоқыма және ағашты көркемдеп өңдеу) заманауи жетістіктеріндегі дәстүрдің рөлін білу;

− кәсіби қызмет саласындағы шығармашылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және зерттеудің ғылыми-практикалық негіздерін білу;

− сәндік өнер туындыларының өндірісі үшін қоғамдық талғам мен сұранысты сипаттай алу;

− орындалған жұмыс үлгілерін көркемдік бағалау принциптері;

− іргелес өнердің − сәулет, бейнелеу өнері және дизайнның ерекшеліктерін, педагогика және мамандық бойынша көркем синтез мәселелерін, тарихы мен ғылыми негіздерін түсіну.

Қабілеті:

− сәндік өнер бұйымдарының (металл және басқа да материалдарды көркем өңдеу, көркем керамика, көркем тоқыма және ағашты көркемдеп өңдеу) бірегей жобасы мен үлгісін ойлау және шешу жолдары.

6. Оқу нәтижелері (жалпы құзыреттіліктер) «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша білім беру бакалаврының оқу нәтижелері мынадай қабілеттіліктерді болжайды:

6.1 Шешуші құзыреттіліктер:

· қалыптастырушылық – әлемнің ғылыми, философиялық, діни, құқықтық, әлеуметтік бейнелері туралы, адам өмірінің мәні, мақсаты мен табиғаты туралы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласындағы негізгі жаттығулар, мәдениет пен өнер саласындағы мәселелер мен үдерістер туралы, осы ғылымдардың кәсіби қызмет саласындағы әдістері жөнінде, арнайы бағдарламалар мен жобаларды дайындау кезінде пайдаланатын этикалық және құқықтық нормаларды қамтамасыз ету;

· жүйелеушілік - өнер, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелі тәсіл, өнердің жүйелі қағидаты) саласын, іздей алу қабілеті мен дағдысын, психологиялық және педагогикалық рәсімдей, құрылымдай және жүйелей білу, педагогикалық шындықты жүйелі ойлау мен тұтас қабылдай алу мүмкіндігіне ие болу;

· ғылыми-зерттеушілік – өзінен-өзі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстану, ғылыми-педагогикалық қызметке бейімделу, жұмысты ұйымдастырудың негізгі әдістеріне икемді болу;

· коммуникативтік– қазақ, орыс, шетел тілдерін білу, технологиялар, педагогикалық риторика мен байланыс стратегиясы салаларын білу, көпұлтты мәдениет және көпконфессиялы қоғамда, сындарлы диалогқа ептілігі мен дағдысы, педагогикалық байланысқа толерантты және қабілетті болу;

· технологиялық – өнер, мәдениет, білім беру, ақпарат салаларында білімді, заманауи технологияларды зерттеу, бағалау, таңдау және пайдалану дағдылары, жаңашылдыққа қабілетінің болуы, кәсіби шеберлікке жету, бастамашыл және еңбекқорлық мақсатын арттыру;

· бақылаушылық – менеджмент пен маркетинг саласындағы білімі, бақылау және бағалау материалдарын іске асыру және дамыту, алынған нәтижелерін интерпретациялау, адекватты өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдік пен объективтілікке ұмтылу қабілеттері мен дағдылары болу.

6.2 Арнайы құзіреттіліктер:

· бағдарламалық – кәсіби қызметтің пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білім жүйесіне, суретшінің, педагогтың кәсіби борышын жүзеге асыруға икемді, шығармашылық-педагогикалық қызметтің нәтижелері үшін жауапты болу;

· пәнаралық – педагогикалық интеграция саласындағы білімі болуы, педагогикалық міндеттерді шешу үшін түрлі пәндік салаладағы білімін интеграциялау қабілеті мен дағдылары, әлеуметтік әріптестік пен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа бейімді болу;

· әлеуметтік – адам құқықтары туралы (халықаралық ережелер, ҚР білім беру және бала күтімі туралы заңнамасы) білімі, суретшінің, мұғалімнің кәсіби ар-намысы мен абыройын қорғай алу, сондай-ақ кәсіби этика нормаларын сақтай алу, суретші мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіну;

· дамытушылық – қазіргі заманғы өнер саласындағы білімге ие, жоғары білікті суретшілердің тәжірибесін зерттеу, қорыту, пайдалану және тарату, өзін-өзі білім алу мен өзін-өзі тану бойынша ұмтылу;

· креативтік – шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайларға икемді және ұтқыр болу, көркем шығарма саласында авторлық тың идеяларын жүзеге асыру, айрықша шешімдер табу, бірегей өнер туындысын орындауға қабілетті болу;

· ұйымдастырушылық – өндірістік қызметтегі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, шығармашылық студиялар және т.б. жұмысын ұйымдастыру;

7. Оқыту стратегиялары мен әдістері 5В041700 – Сәндік өнер мамандығы бойынша оқытудың жалпы нәтижелеріне келесі оқу іс-шаралары арқылы қол жеткізіледі:

1) аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологияларын, ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық жүйе мен технологияларды және интербелсенді формаларды қолдана отырып жүргізіледі;

2) аудиториядан тыс сабақтар: білім алушылардың өзіндік жұмыстары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар, жеке консултациялар;

3) оқу және кәсіби практикаларды өткізу, диплом жұмысын дайындау (жоба). Мамандықтың білім беру бағдарламасының мазмұны білім алушылардың пәндік, пәнаралық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін меңгеруіне, бейнелеу өнері және сызу саласында сол білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде көрсетуіне мүмкіндік береді. Дәрістер, семинарлар, пікірталастар және практикалық сабақтар, әр түрлі практикалар «5В041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша бағдарламаның өн бойында студенттердің шешуші және арнайы құзыреттіліктерді дамытуына кеңінен мүмкіндік жасайды, соның ішінде оқыту үдерісінде педагогикалық технологиялар мен ақпарат көздерін (мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, ТВ және интернет технологиялары) қолдануға мүмкіндік береді. Профессор оқытушы құрамының студенттердің өздік жұмыстарына жетекшіліктері, жеке консультациялары студенттердің оқу және ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бітіруші курстардың студенттері өздері таңдаған тақырыпта ғылыми жетекшісінің басшылығымен дипломдық жұмыс жасайды.

Басып шығару