5В042100 – Дизайн

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Бакалавриат деңгейі

1. 5В042100 – Дизайн мамандығы бойынша білім беру мақсаттары:

− дизайн саласындағы қажетті кәсіби білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру;

− өнер, жобалық-шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, эксперименттік-ғылыми-зерттеу және әдістемелік қызмет салаларының түрлі қызметтерін тиімді жүзеге асыра алатын зор әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

− тұрғылықты, өндірістік ортаға және халық тұтынатын тауарлар үшін бірегей дизайн жобаларын дамыту;

− әртүрлі білім беру мекемелерінде (мектептер, лицейлер, колледждер мен ЖОО) дизайн тарихының, теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін шешу;

− әртүрлі толық және сапалы кәсіби білім алу мен пайдалану, шығармашылық қызметтің салаларына тиісті кәсіптік құзыреттілік болып табылады.

2. Мамандық ішінде таңдау бойынша (мамандану) білім беру бағдарламаларының тізімі:

«Сәулет дизайны»

«Графикалық дизайн»

«Өндірістік дизайн».

3. Біліктілік және қызметтер тізімі

Аталған білім беру бағдарламасын меңгерген түлекке «Өнер бакалавры» дәрежесі беріледі. 5В042100 – Дизайн мамандығының білім беру бакалавры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығының, 2010 жылдың 25 қарашасындағы № 385 бұйрығына өзгертулері мен толықтыруларымен бекітілген педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілетін тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамасына сәйкес біліктілік деңгейі жоғары маман ретінде еңбек өтіліне қарамастан жұмысқа алынады: – дизайнер (сала бойынша).

4. Білім беру бағдарламасын меңгерген түлектің біліктілік сипаттамасы

4.1 Кәсіби қызмет аясы «5В042100 – Дизайн» мамандығының бакалавры өзінің кәсіби қызметін гармониялық заттық-кеңістіктік ортаны құрастыруға арналған көркем жобалаудың заманауи құрал-жабдықтарын, әдістерін және формаларын пайдалана отырып, әртүрлі көркем нысандардың жағдайына байланысты дизайн жобаларын орындау аясында жүзеге асырады.

4.2 Кәсіби қызмет нысаны «5В042100 – Дизайн» мамандығы (сала бойынша) бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің нысаны:

− сәулет дизайны үшін – қалалық, ауылдық парктегі ансамбльдер, кіші сәулеттік пішіндер, визуалды коммуникациялар, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортаның жабдықтары мен жиһаз, тұрғылықты және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігі, көрме және тауар экспозициялары, интерьер мен экстерьердегі сәндік-монументальдық элементтер және сәндік-қолданбалы бұйымдар;

графикалық дизайн үшін – графикалық нышандар, тауар белгілері, фирмалық стильдер, визуалды коммуникацияның жүйелері, иллюстрациялар, кітапты безендіру, қаптама, жарнама, электрондық және бұқаралық ақпарат құралдарының жарнамасы;

 өндірістік дизайн үшін – бұқаралық өндіріске арналған заттар, бұйымдар мен оның кешендері, транспорттық құралдар, жабдықтар, жиһаз, күнделікті және арнайы киімді модельдеу, тігін бұйымдарының ансамблі, аксессуарлар, театрандырылған костюмдер.

4.3 Кәсіби қызмет пәні «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметінің пәні: – сәулеттік ортаның дизайнын, интерьер дизайнын, ландшафт дизайнын, сәндік-монументальдық өнерді, жарнама және баспа дизайнын, графика тілі мен визуальды мәдениетті, безендіру өнері және фотографиканы, киім дизайнын, жиһаз дизайнын және техникалық дизайнды орындау болып табылады.

4.4 Кәсіби қызмет түрлері «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

− жобалық-құрастырушылық (дизайн маманының жетекшілігімен концепцияларды, жобаларды, макеттерді, модельдерді, жаңа нысандарды, ансамбльдерді, бұйымдар мен өнімдерді дайындау);

− ұйымдастырушылық-басқарушылық (жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару саласында кәсіби компьютерлік бағдарламаларды игеру, бәсекелестік пен бизнес жағдайында іскерлік және қаржылық қызметтің нысандарын, принциптері мен стратегияларын зерттеу);

− ғылыми-педагогикалық (ғылыми және білім беру ұйымдарында жұмыс жасау).

− өнер мен мәдениет, дизайн және педагогика саласындағы магистратура, аспирантура бойынша үздіксіз білімін жалғастыру.

5. Жалпы білімділігіне қойылатын талаптар: «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша бакалаврдыңбілуі:

− жоба алдындағы материалды жинау және өңдеу, қолданыстағы жағдайды бекіту;

− жобалау үдерісіндегі (іздеу-талдау-шешім қабылдау) іс-әрекеттің жүйелілігі мен сипаттамасын білу;

− жобалау материалын өңдеуге қойлатын талаптарды білу;

− қоғам мен жаңа компьютерлік технологияларды өндіру және әлеуметтік салаға енгізу нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын дизайн қызметің рөлі, телекоммуникация, бұқаралық сананың құралдарының әсерін арттыру саласындағы техникалық жетістіктер туралы ойлай алу.

Қабілеті:

− анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, сызбаларды құрастыру, жобалау үдерісінің ретін анықтау, нобайлар орындау, дайын жобалық идеясын демонстрациялық материалдарда жүзеге асыру, жобалық материалды (соның ішінде заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана алу) талаптарына сәйкес өңдеу, презентация мен қорғау кезінде өз жұмысын сауатты ұсына білу жолдары.

6. Оқу нәтижелері (жалпы құзыреттіліктер) «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша білім беру бакалаврының оқу нәтижелері мынадай қабілеттіліктерді болжайды:

· Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:

− ой-өрісі кең ауқымды және ойлау мәдениеті дамыған жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін өнертану ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық пәндер саласы бойынша базалық білімді меңгеру;

· Әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке қойылатын талаптар:

− адамның қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеуші этикалық және құқықтық тәртіп нормаларын меңгеру және өздерінің экологиялық, әлеуметтік, дизайндық жобаларында соларға сүйену;

· Экономикалық және ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілікке қойылатын талаптар:

− коммерциялық, қаржылық, әкімшілік басқару функцияларын меңгеру;

− ахуалдық талдау, нарықтық талдау, басқарудың экономикалық әдістері, экономикалық үдерістерді модельдеу әдістері, экономикалық жобаларды бағалау, экономикалық және өндірістік басқару саласындағы негізгі мәселелерді зерттеуге кәсіби көзқарас туралы ғылыми түсінігі болуы.

7. Оқыту стратегиялары мен әдістері 5В042100 – Дизайн мамандығы бойынша оқытудың жалпы нәтижелеріне келесі оқу іс-шаралары арқылы қол жеткізіледі:

1) аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологияларын, ғылымдағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық жүйе мен технологияларды және интербелсенді формаларды қолдана отырып жүргізіледі;

2) аудиториядан тыс сабақтар: білім алушылардың өзіндік жұмыстары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар, жеке консултациялар;

3) оқу және кәсіби практикаларды өткізу, диплом жұмысын дайындау (жоба). Мамандықтың білім беру бағдарламасының мазмұны білім алушылардың пәндік, пәнаралық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін меңгеруіне, бейнелеу өнері және сызу саласында сол білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде көрсетуіне мүмкіндік береді. Дәрістер, семинарлар, пікірталастар және практикалық сабақтар, әр түрлі практикалар «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша бағдарламаның өн бойында студенттердің шешуші және арнайы құзыреттіліктерді дамытуына кеңінен мүмкіндік жасайды, соның ішінде оқыту үдерісінде педагогикалық технологиялар мен ақпарат көздерін (мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, ТВ және интернет технологиялары) қолдануға мүмкіндік береді. Профессор оқытушы құрамының студенттердің өздік жұмыстарына жетекшіліктері, жеке консультациялары студенттердің оқу және ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бітіруші курстардың студенттері өздері таңдаған тақырыпта ғылыми жетекшісінің басшылығымен дипломдық жұмыс жасайды.

Басып шығару