6В025 - Дәстүрлі музыка өнері

Дәстүрлі музыка және орындаушылық өнер кафедрасы

Жалпы білім берудің мақсаттары:

· Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу;

· зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды жоспарлауға, орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау;

· кәсіби білімнің іргетасы ретінде мамандық, арнайы педагогикалық дайындық және арнайы сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру;

· нормативтік құжаттаманы білікті пайдалану, өз пәндік саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқу-тәрбиелеу үдерісіне өз пәндік саласындағы инновацияларды енгізу нәтижелерін талдау және бағалау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

· теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;

· зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды жоспарлауға, орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

· белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы; ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы.

· жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын;

· ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.

· ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі.

Қолдана білуі:

· Дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет, өнер шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

· Дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

· зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;

· ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;

· тарихтан алған теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдану, тарихи ізденіс жүргізудің әдістерін, жолдарын, талаптарын, түрлерін тұжырымдайды;

· өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;

· білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Басып шығару