Кәсіптік бағдар

«Музыкалық білім және вокал» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы есебі

Жыл сайын қыркүйек айында кәсіби бағдар беру жұмысы және базалық мектептермен іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітіледі. Қала және аудан мектептеріне кәсіби-бағдар жұмыс жүргізу үшін оқытушылар тағайындалып, тізімі ЖОО-дейінгі дайындық орталығына тапсырылады. Музыкалық білім және вокал кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жауапты болып оқытушы А.Ж.Кенжегалиева тағайындалып, үлкен жауапкершілікпен жұмыстанып келеді. Кафедраның кәсіби бағдар жұмысы әр түрлі бағытта жүргізіліп, кафедра оқытушылары өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарап келеді. Қала және мектеп аудандарының ЖОББМ тығыз байланысып, мектеп түлектеріне болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау жолында жұмыс жүргізіп келеді. Кафедраның әрбір оқытушысы өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, Музыкалық білім және Вокалдық өнер мамандықтарын таңдаған оқушыларға жан-жақты кеңес беріп, шығармашылық емтихан талаптарын түсіндіріп, бағыт беріп отырады. Атап айтсақ, Ж.А.Рахимова, А.Б.Жардемова, Г.А.Бекеева Л.Қ.Өмірзақова, А.М.Муратова, А.Ж.Кенжегалиева, О.Б.Воеводкина, Л.Б.Ляпина, О.В.Ворфоломеевалар қалалық №1, 5, 6, 7, 10, 12, 21, 23, 26, 45, 46 ЖОББМ 11 сынып оқушыларына және Ж.Досмұхамедов ат.педагогикалық колледж студенттеріне, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттеріне үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып жүр.

Педагогикалық сараман барысында Музыкалық білім мамандығының 3-4 курс студенттері мектеп мұғалімдеріне концерттік шаралар өткізуге атсалысып, 11 cынып оқушыларына кездесу ұйымдастырып тұрады. Бұл кездесуде олар өздері білім алып жатырған мамандық туралы ақпараттар беріп, оқушыларға студенттік өмір туралы қызықты ойларын айтып, бөліседі.

Сонымен қатар, «Музыкалық білім» мамандығының түлегі Омарова Мира үш жылдан бері кәсіби бағдар жұмысы бойынша үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуге атсалысып келеді. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, өзі оқыған музыкалық білім мамандығы туралы ақпарат беріп келеді.

Жыл сайын кафедра филиалдары бойынша да біршама жұмыстар атқарылып жүр. Оқытушылар Л.Қ.Өмірзақова мен Г.А.Бекеева Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бітіруші түлектеріне жоспар бойынша бекітіліп «Балалар хорымен жұмыс» шеберлік сынып сабағы өткізіледі. Осы, шеберлік сынып өту барысы түлектердің болашақ педагог- музыканттың хор жетекшісі әрі эстетикалық талғамды, өнерді тәрбиелеуші кәсіби маман ретінде шеберлігін жетілдіру мақсатында оздырылып жүр.

Мәдениет және өнер факультеті жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Жас дарын» байқауының «Вокал» номинациясы бойынша музыкалық білім және вокал кафедрасы жауапты болып келеді. Бұл байқау 10-11 сынып оқушылары және өнер колледждерінің бітіруші түлектері арасында жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыру үшін, үздік шығармашылық жұмыстарымен, би және музыкалық орындаушылықпен көзге түскен дарынды жастарды университетке тарту. Екі күнге созылатын байқауда БҚО аудан мектептері мен қала мектептерінің оқушылары, колледждердің студенттері белсене қатысып келеді. Нәтижесінде байқауға қатысқан оқушыларымыздың біразы Музыкалық білім және Вокалдық өнер мамандықтарына оқуға түсіп, қазіргі таңда университетімізде білім алып жүр.

Жыл сайын университеттте өтетін «Ашық есік» күні шарасына А.Ж.Кенжегалиева атсалысып, «Музыкалық білім және вокал» мамандықтарын таңдаған қала және аудан мектептерінің түлектерін мәдениет және өнер факультетімен таныстырып, экскурсия жасайды, түлектерді ән жазу студиясына, вокал және хор сабақтары өтетін кабинеттермен таныстырады. Кафедра меңгерушісі О.А.Бабенко кафедра ұжымымен таныстырып, студенттерден құрылған хор ұжымымен кездесу ұйымдастырады.

Сонымен қатар, кафедрада Жексенбілік мектеп екі бағытта жұмыс жасайды. «Камертон» вокалдық үйірмесі – жетекшісі Н.С.Санбаева - оқушыларға шығармаларды вокалдық-техникалық жағынан жетілдіру, яғни дикция, артикуляция шеберлігін дамытуға, сонымен қатар, дауысты вокалдық-техникалық жағынан жетілдіру және ән айту шеберлігін дамытуға, акапелла шығармаларды талдау арқылы динамикалық белгілерді дұрыс қолдануға, сонымен қатар қазақ халық әндері, орыс және шетел композиторларының әндерін үйрету арқылы, олардың мәдениеті мен өнерін таныстыру сияқты дәрістер өткізілді.

Хор үйірмесі – жетекшісі Г.А.Бекеева оқушылардың жеке қасиеттерін ашу, тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту, ән айтуға үйрету, танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту, білім, білік, дағды қалыптастыру, сонымен бірге музыкалық қабілетін байқау мақсатында дамыта оқыту. Оқушылардың сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу, музыкалық білім беру даму тарихымен таныстыру, хормен ұжым болып әнді орындауға үйрету, мотивациясын арттыру, олардың музыкаға деген қызығушылығы мен белсенділігін дамыту.

Оқытушы А.Ж.Кенжегалиева мектептің музыка пәні мұғалімдерінің шығармашылық ізденіс жұмыстарын баспа беттеріне шығаруда әдістемелік көмек көрсетіп, №48 ЖОББМ музыка мұғалімі А.У.Батыровамен бірлесіп, «Использование информационно-компьютерных технологий в работе учителя музыки», «Мектептің музыка сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыруда ақпараттық-компьютерлік технологияны қолдану» және №1 Балалар өнер мектебінің директоры Т.Б. Алимбаевпен бірге «Болашақ педагогтардың музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылық дағдыларын қалыптастыру жолдары» атты мақалаларын халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында жариялап жүр.

Жылма жыл кафедраның кәсіби бағдар жұмысы бойынша Музыкалық білім және вокал мамандықтары бойынша жарнамалық буклеттер мен презентациялар жаңартылып тұрады.


Басып шығару