Жұмысқа орналасу

Музыкалық білім және вокал кафедрасы бойынша 2018-2019жылдарға түлектерді жұмысқа орналастыру

Мақсаты мен міндеттері«Музыкалық білім», «Вокалдық өнер» мамандықтары студенттерін жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының маман-түлектерінің құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру.

Қазақстанның экономикалық дамуының басым факторларының бірі жоғары оқу орындарының жас маман-түлектеріне қамқорлық жасау болып табылады. Еңбек нарығын жаңғырту – бұл еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы Жолдауында алға қойылған кешенді міндеттерінің бірі болып табылады. «Жұмыс күші мол аймақтарда жұмыс күшін жұмылдыру» туралы қолдау қарастырылған «жаңа жол картасы» әзірленуде. Жолдауда Қазақстанның экономикалық дамуының басымдылығы, сондай-ақ, адам капиталының сапасын жақсарту, атап айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген білікті педагогтардың тапшылығы туралы мәселелер атап өтілді. Осы мақсаттарда еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіби стандарттарды жаңарту көзделген.

Болашақ мамандарды ұсынылатын сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру мақсатында БҚМУ-да жыл сайын «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді. Бітіруші студенттер жәрмеңкеде еңбек нарығы туралы, жұмысшы мамандарға мұқтаж болып отырған кәсіпорындар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктері бар. Жыл сайын университет педагог-түлектерге ауылдық мектептерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Әсіресе, жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыруға көп көңіл бөлінуде. 2009 жылдан бастап ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою мақсаты болып табылатын "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш мемлекеттік жоба аясында жас мамандарға тек жұмыс орны емес, сонымен қатар көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие және ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Мәдениет және өнер факультетінің Музыкалық білім және вокал кафедрасы жыл сайын жұмыс берушілермен байланысты нығайтуға арналған іс-шаралар, олардың арасында конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізеді.

Міне биылда, 2018-2019 жылдары аралығында бітірген түлектердің басым бөлігі жұмысқа орналасты.Атап айтар болсақ, Музыкалық білім мамандығы бойынша бітіруші түлек саны 12, Вокалдық өнер мамандығы бойынша 10.

Жалпы, кафедрада жұмыспен қамтылу пайызы 95% құрайды. Түлектер Орал қаласының мәдени, өнер және білім беру мекемелерінде, сондай-ақ облыстың облыс орталықтарында жұмыс істейді.


Басып шығару