Сараман

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында сарамандар ұйымдастыру және өткізу

БҚМУ-дың маңызды серіктестері сараман өтетін орындардың жетекшілері болып табылады, олардың саны үш жүзден асады – олар білім беру және мәдениет ұйымдары мен мекемелері, қаржылық ұйымдар, өндірістік кәсіпорындар, шетелдік компаниялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, құқық қорғау органдары, сауда ұйымдары, шағын кәсіпорындар және т.б. Университет пен сараман өтетін орындардың бірлескен қызметі сапа саласындағы маңызды міндеттерді – білім мен өндірістің байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сараманның, практика базалары жетекшілерінің сауалнамалары нәтижелері бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны жүйелі түрде жаңартылып отырады, жаңа білім траекториялары жасалады. Сапа саласындағы Саясат пен Стратегияны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер – БҚМУ-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілетті жүйесін қолдау; білім сапасын арттыру; БҚМУ негізінде аймақтағы білім, ғылым және өндірісті біріктіру; ғылыми және инновациялық білім беру қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру; университеттің тұрақты қаржылық жағдайын сақтау.

Сараман базаларының жетекшілері – БҚМУ жұмыс берушілер Кеңесінің құрамына кіретін кафедраның жұмыс берушілері, олар: С.Ғұмаров атындағы қалалық балалар көркемсурет мектебінің директоры – Ж.М.Негметов, Мария-ханым сән үйінің директоры – Ж.К.Хуспанова, Құрманғазы атындағы саз колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – А.Г.Тасқалиев, «АРТ-ДЕКО» дизайн студиясының директоры директоры Т.С.Бабиева және т.б.

6В01405 «Бейнелеу өнері және сызу» (5В010700 «Бейнелеу өнері және сурет»), бағыты - «Білім», педагогикалық сараман, үздіксіз сараман, музей практикасы және пленэр.

6В02106 Сәндік өнер (5В041700 Сәндік өнер), бағыты - «Өнер», өндірістік сараман.

6В02107 Дизайн (5V042100 Дизайн), 6B02108 Сән және костюм дизайны, 6B02109 Интерьер дизайны ББ, бағыты - «Өнер», өндірістік сараман.

Кафедрада сараманның барлық түрлеріне арналған бағдарламалар, сондай-ақ әдістемелік құралдар бар  (2015ж., Кайнбаева Ж.С., Давлетова Б.Г.).

Сараманнан өту үшін ұсынылған базалық нысандардың сапалары қойылған талаптарға сәйкес келеді, қала және облыс кәсіпорындарымен, соның ішінде: «АРТ-ДЕКО» дизайн студиясы, «Мария-ханым» сән үйі, «Текемет» көркемсурет галереясы, С.Ғұмаров атындағы балалар көркемсурет мектебі, «МАЭСТРО» сәулеттік дизайн шеберханасы, ЖШС «Күмбез», «Кульман» ЖШС, «Women Art Дизайн», «Серик» ЖШС, «Батыс Сынап Энерго Монтаж» ЖШС, «Рапид» сәулеттік құрастыру шеберханасы, қалалық жалпы білім беретін мектептермен келісімшарт жасалды. Кафедра студенттердің сараманын ұйымдастырады және оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, кафедрада жетекшілерді тағайындайды және жасалған келісімдердің аясында сараманның қорытындыларын шығарады.

Университет басшылығы түлектердің жұмысқа орналасуына және олармен үздіксіз байланыста болуына бар күшін салады. Облыс пен аймақтық кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында жас мамандарға ұсынылған жұмыс орнында өндірістік сараманнан өтуге бірегей мүмкіндік беріледі. Педагогикалық сараманнан облыс мектептерінде одан кейін жұмысқа орналастыру мақсатында өту қарастырылған. Сараман барысындағы кейбір студенттер қазірде мұғалім болып жұмыс істейді. 5В042100 «Дизайн» мамандығының студенттері - дизайнер, 5В041700 «Сәндік өнер» мамандығынан - қолданбалы өнер шеберлері, сонымен қатар, егер олар М.Өтемісов атындағы БҚМУ үздіксіз білім беру орталығы арқылы кафедрада ұйымдастырылған «Еңбек технологиясы» қосымша білім беру бағдарламасы аясында білім алса, қала мен облыс мектептерінде, мектептен тыс жұмыс орталықтарында технология мұғалімі ретінде жұмыс істей алады.

5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша оқитын 3,4 курс студенттерінің теориялық және практикалық сабақтарының өзара әрекеттесуіне негіз болатын педагогикалық сараман «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының білім беру үрдісінің бөлігі болып табылады. Сараман топ студенттерін жалпы және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелеріне жіберу негізінде ұйымдастырылады. Сараманды ұйымдастырушы ретінде оқу орындарының бірінші және жоғары санатты мұғалімдері тартылады.

Педагогикалық сараманның мақсаты мен міндеттері

Педагогикалық сараман білім беру үрдісінің субъектілері ретінде білім алушыларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу саласында дербес іс-әрекетке дайындығын дамыту мақсатында тұтас оқу процесінің бөлігі ретінде ұйымдастырылған. Бейнелеу өнері саласындағы маманның қызмет саласы – оқытушылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және мәдени-ағартушылық.

Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби деңгейі деп түсінілетін, «бейнелеу өнері» пәнінің білімін, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру мен мотивациялық және жеке саланы дамытуды қамтитын педагогикалық шеберлік – педагогикалық сараманның нәтижесі болып табылады.

Біздің машықкерлер өзін толық дәлелдеуге тырысады. Олар сабақтың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыра алады: машықкерлер сабақта өздерінің ұйымдастырушылық дарындылығы мен іс-әрекеттерін көрсетеді: тәртіпті сақтауға, зейін қоюға, барлық оқушыларды жұмысқа тартуға, пәнге қызығушылықты сақтауға қабілетті. 

Студенттердің апталық жүктемесін бөлу

  1. Сабақ кестесі бойынша сабақ өткізу (4-5 сағат).
  2. Мұғалімдер мен өзге студент-машықкердің сабақтарына қатысу (6 сағат).
  3. Өзінің және басқа студентердің сабақтарын талдау (4 сағат).
  4. Сабақ жоспарын талдау, сабаққа арналған оқу құралдарын таңдау (4 сағат).
  5. Кафедра оқытушыларынан (топтық жетекшілерден) кеңес алу ( 4 сағат).
  6. Класпен жұмыс (күн сайын 2 сағат)

4 курс студенттерінің педагогикалық сараманы

Педагогикалық сараманның міндеттері:

-  бейнелеу өнері мұғалімі, сынып жетекшісі ретінде өздік жұмысқа дайындығын аяқтау;

-  оқыту стилін жетілдіру;

-  педагогикалық іс-әрекетті жетілдірудің негізі ретінде бағалау дағдыларын дамыту;

-  оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру;

-  тәжірибелік материалдар жинақтау.

 

Жарасова Данагуль – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 3 курс студенті, 1-сынып «Мүсін дегеңіміз не?», Қоскөл ауылы

 

Сабақтың тақырыбы: «Монопринт және монотипия тәсілдерімен тәжірибе жасау», Сармуканова Айнагуль - бейнелеу өнері және сызу мамандығының  3 курс студенті,  Орал қ. Физика математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі 

Есеп беру құжаттарының тізімі:

(Студент-машықкер портфолиосының мазмұны)

І. Сараманға дайындық жөніндегі мәліметтер бөлімі

- Сыртқы беті (студенттің фотосуреті, аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы,  телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, әдіскері, жасақталған уақыты)

- Сараманға дайындық диагностикасы (бағасы және өзін-өзі бағалауы)

- Студенттің жеке жоспары

ІІ. Ақпараттық  бөлім (сараман базасы жөніндегі мәліметтер)

- Мектеп туралы мәліметтер

- Сынып туралы мәліметтер

- Сабақтар кестесі

- Сынып жетекшісінің (куратордың), пән мұғалімінің жұмыс жоспарлары

ІІІ. Әдістемелік бөлім

- Есеп құжаттарын жүргізу және рәсімдеуге қатысты әдістемелік нұсқаулар 

- Пәннің, тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары.

- Жоспар-конспектілер (дидактикалық материалдар көрнекіліктерімен бірге):

а.  сабақтардың

б.  іс-шаралардың (пән бойынша, сыныптан тыс шаралардың) жоспар конспектілері

ІҮ. Психологиялық-педагогикалық бөлім

- Оқушыға мінездеме

- Класс ұжымына мінездеме

- Психологиялық зерттеу мен түзету (коррекциялау) жұмысының бағдарламасы

Ү. Рефлексия және бағалау бөлімі

Сабақтарды талдауы:

- Студент қатысқан сабақтарға

- Өзінің өткізген сабақтарына өзіндік талдау

- Студенттің (курстастардың, әдіскерлердің) өткізген сабақтарына талдау

- Сараман бойынша есеп

- Студенттің сараман барысындағы іс-әрекетінің мониторингі

- Курстастарының, оқытушылардың пікірлері

- Портфолионың бағасы

ҮІ. Бағалау және қорытындылау бөлімі

- Студентке берілген мінездеме

- Мектептегі педагогикалық кеңестің хаттамасынан көшірме

- Сараман бойынша қорытынды баға қойылған ведомості.

- Дипломдар, марапаттар т.б.

- Сараманнан өткені туралы анықтама 

Орта мектептерде сараманға жетекшілік етуде әдіскерлер ретінде кафедраның мол тәжірибелі оқытушылары бекітіледі. Олар бейнелеу өнері пәні сабақтарына қатысады және машықкердің әсерлі педагогикалық қызмет жасауына бағыт беріп, әдістемелік талдау жасайды. Тәжірибелі әдіскерлердің жетекшілігімен студент-машықкерлер әр түрлі инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолданып, бейнелеу өнері пәні сабақтарын өте қызықты әрі әсерлі өткізеді.

Кафедраның әдіскері аға оқытушы Т.Ә. Хамзин, мектеп мұғалімі Mr.Kevin, пән мұғалімі Ж.С.Кульбекова және машықкерлер

Унаева Бибігүл 3 курс студенті, керамика сабағында

3 курс студенті Нұрлыбаева Ләйлә тренинг өткізуде

 

Нәсіпқалиқызы Айдана - Атырау облысы, Индер ауылы

Айтмуханова Аққу- Атырау облысы, Құлсары ауданы

Педагогика және психология кафедрасының кеңесшілері:

Педагогикалық сараманның нәтижелері мектептің кіші педкеңесінде қаралады.

Педагогикалық сараман аяқталғаннан кейін кафедрада қорытынды конференция өтеді, онда студенттер-машықкерлер өз әсерлерімен бөліседі. Қорытынды конференцияға мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, кафедра меңгерушісі, пән оқытушылары шақырылады. 

«Өнер» бағытындағы 6В02107 Дизайн (5B042100 Дизайн), 6B02108 Сән және киім дизайны, 6B02109 Интерьер дизайны ББ бойынша өндірістік және дипломалды сарамандардың мақсаты мен міндеттері

Өндірістік және дипломалды сарамандар заманауи өндіріс, материалдар, технологиялар, компьютерлік графика мүмкіндіктерін игеру үшін, сондай-ақ жарнама, дизайн және public relations саласындағы теориялық білімі бар мамандарды даярлау үшін қажет.

Сараманның міндеттері: кәсіби шеберлік негіздерімен, графикамен, баспа үрдісін дайындаумен, жұмыс және жобалық құжаттаманы орындаумен танысу. Практикалық жұмыстың тәсілдері мен әдістерін үйрену. ДК көмегімен шығармашылық ізденіс дағдыларын игеру. Шығармашылық жобаларды жүзеге асыру және теориялық білімдерін жобалаудың кәсіби қызметінде қолдану.

Дайындық құрылымындағы өндірістік және дипломалды сараманның орны: Арнайы пәндерді сәтті оқып-үйрену үшін жоғары білікті мамандар жүйесіндегі оқу процесінің маңызды бөлігі сараман болып табылады. Сараманның негізгі мақсаты - студенттердің университетте алған теориялық білімдерін бекіту; қазіргі заманғы техникалар мен өндіріс технологиясын игере отырып, практикалық дағдылар алу; дизайн және жарнама жүйесінде қызметті және өндірістік процесті ұйымдастыру әдістерін зерттеу және инновациялық жүйеде ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану; ақпараттық жүйелер мен компьютерлік технологияларды игеру; әртүрлі мақсаттағы ұйымдардың құрылымы туралы нақты ойларын қалыптастыру; әртүрлі бөлімдердің, қызметтердің функцияларын және олардың өзара әрекеттесуін зерттеу; нұсқаулық құжаттарды іс жүзінде қолдану; бақылау жүйелері мен стандарттарын зерттеу; өндірістік кәсіпорындар қызметінің экономикалық жағын зерттеу.

Сараман аяқталғаннан соң машықкер кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құрылған арнайы комиссияға дайындаған есебін қорғауға міндетті. Күнделік пен есепке өндірістік сараман жетекшісінің қолы қойылып, ұйымның мөрімен бекітілген болуы керек. Сонымен қатар, машықкер сараман өткені туралы мінездеме, сын-пікір және өндірісте сараманнан өткен уақытын растайтын анықтама ұсынуы міндетті. Сараман М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Сәндік өнер және дизайн» шеберханаларында өткізілуі мүмкін.

Сараманға жалпы жетекшілікті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының меңгерушісі жүзеге асырады. Сараманды ұйымдастыру және күнделікті бақылау үшін әр машықкерге кафедра құрамынан тәлімгер тағайындалады. Жұмыстың жекелеген түрлерін орындау ретін, көлемін, құрамын сараман жетекшісі белгілейді. 

Сараманнан өту нәтижесінде туындайтын білім алушының құзыреттілігі

Жалпы мәдени құзіреттіліктер:

            Кәсіби құзіреттіліктер

            жалпы кәсіби:

            педагогикалық қызмет саласында:

            мәдени-ағартушылық қызмет саласында:

            арнайы құзыреттіліктер:

Білім алушылардың, жарнама агенттіктерінің, студиялардың, көркемсурет мектептерінің басшыларыныңсараман базалары мен жұмыс берушілердің қанағаттанушылығын бақылау негізі сауалнамалар арқылы жүзеге асырылады. 6B01406 - Мектептегі көркем еңбек және дизайн, 6В01405 Бейнелеу өнері және сызу ББ 1-курс студенттерінің сауалнамаларының нәтижелері бойынша сараман қорытындысының 98%-дан астамы оқу сараманының (педагогикалық) нәтижелеріне қанағаттанушылықты көрсетеді. Бірінші курс студенттері №50 ЖОББМ (Орал қ.) үздіксіз педагогикалық сараманнан өтті. Сараман базалары жетекшілерінің сауалнамалары нәтижесінде студенттердің 100% педагогикалық қызметке деген қызығушылығының артқанын, мектептегі оқу процестерін тез түсінетінін; 86% - бастама, жаңа идеяларды ұсына білетінін көрсетті.

Сауалнамаға сәйкес жұмыс берушілердің кафедрадағы ББ бойынша түлектердің кәсіби дайындығының сапасына оң баға беру пайызы орташа есеппен 80% құрайды.

Кафедра түлектері үлкен сұранысқа ие, бұған бейнелеу өнері және дизайн кафедрасындағы ЖОББМ, оқу орталықтары мен қалалық жарнама агенттіктері жұмыс берушілерінің алғыс хаттары мен басшыларының пікірлері дәлел. Әртүрлі білім беру салаларына, көркемсурет-шығармашылық қызметтерге және қалалық дизайн индустриясына кадрлар дайындалуда.

Басып шығару