Ж.Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Мен қазақпын» тақырыбында дәріс-концерт

Ж.Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Мен қазақпын» тақырыбында дәріс-концерт

2020 жылдың 22 қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Музыкалық білім мамандығының Моб-11, Моб/у-13 топ студенттеріне топ кураторы К.Е.Бисекованың ұйымдастыруымен, Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Мен қазақпын» тақырыбында лекция-концерт ұйымдастырылды.  Шараның мақсаты: Жерлес ақын Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шара барысында топ кураторы ақынның өмірі мен шығармашылығы және отбасы жөнінде терең мағлұмат беріп, Ж.Молдағалиевтің өлеңдері мен поэмаларының, шығармалар жинағының шығу тарихына терең тоқталып өтті. Топ студенттері Қ.Жұбанова, И.Мулековалар Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға барып, кітапхана қызметкерлерінен сұхбат алып видеосюжет дайындаса, Теректі ауданы, Ақжайық ауылдық кітапханасына топ студенті Б.Ажгереева барып, ақынның мерейтойына орай ұйымдастырылған шараларға қатысып, еңбектеріне кішігірім зерттеу жүргізіп, видеосюжет арқылы студенттермен бөлісті. Жұбан Молдағалиевтің «Күз» өлеңін Ш.Сәкенұлы мәнеріне келтіріп, әсерлі орындаса, А.Құбаев пен Н.Сағынтай «Еділ мен Жайық» әнін өте тамаша орындап, қатысып отырған жұртшылықты өнерлеріне тәнті етті. Кешті тобымыздың ақын студенті Н.Зайыровтың Ж.Молдағалиевке арнап жазған арнауын топ студенті К.Аюпова оқып қорытындылады.

art_11.jpg - 55.81 kB

art22.jpg - 60.56 kB

art33.jpg - 73.42 kB

art44.jpg - 18.63 kB


Печать