Қуаныш Лабибович Кисметов

доцент (қауымдастырылған профессоры)

Педагогикалық еңбек өтілі 15 жыл

Қуаныш Лабибович Кисметов 09.06.1977 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында қарапайым малшының отбасында дүниеге келген.

1983 – 1994 жылдары № 1 Жәнібек Орыс орта мектебінде білім алып, 1994 – 1997 жылдары Жәнібек аудандық мәдениет үйінде еңбек жолын бастады.

1997 – 2001 жылдар аралығында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып, жоғарғы білімді музыка пәні мұғалімі мамандық иесі атанады. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тәрбие бөліміне жұмысқа қабылданады.

Қ.Л.Кисметов 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленді.

Қ.Л. Кисметов 2015 – 2018 жылдары Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ғылыми зерттеу мемлекеттік университеті Психология - педагогикалық факультеті Әдіснама кафедрасының Аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертация қорғауға жұмыстануда.

Қ.Л. Кисметов 2016 ж. «Құрмет» және 2017 ж. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгілерімен марапатталды.

Қ.Л.Кисметов алдыңғы буын оқытушылардан үлгі алып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ережесіне сәйкес, атындағы Музыкалық білім кафедрасында 2004 жылдан бері педагогикалық қызмет етуде.

Қуаныш Лабибұлы осы кафедрада жұмыс істегелі жауапты, білікті маман ретінде ерекшеленеді. Студенттерді тәрбиелеу жұмысына белсене қатысады.

Облыстық «Жас қанат» байқауында 3 – орын (1999ж), қалалық патриоттық әндер байқауынан 1 – орын(2001ж),облыстық патриоттық әндер байқауында 2 – орын (2001ж), облыстық «Дала дарындары» байқауында 2 – орын (2002ж), облыстық «Ән қанатында» байқауында 1 – орын (2003ж), Республикалық Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен» , І-ші Республикалык Ә.Бейсеуов атындағы «Армандастар» , Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», Халықаралық «Ялта-2006», Польша мемлекетінде өткен «Мир под Кычером» байқауларының лауреаты және бірнеше әндердің авторы. Мысалы: университетіміздің гимні атанып жүрген «Менің Университетім», «Ержүрек Мәншүк», «Ұлы дала тынысы», «Жаннатым», «Туған жерім», «Ақжайықтың жастары», «Ақұштабы - Алаштың», «Астана», «Әке», «Мереке вальсі», «Тәуелсіздік таңы», «Майдангерлер», «Сарбаздар хаты», «Ризамын халқыма», «Достық туы», «Досым» т.с.с. көптеген әндері арқылы композиторлық өнердің биік шыңына жетіп жүрген талант иесі. Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесіне, мұнымен қатар курстық жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Қуаныш Лабибұлы қоғамдық жұмыстарға да үлкен жауапкершілікпен араласады, шығармашылық бағытта көптеген шәкірттері университет атынан Халықаралық,Республикалық және облыстық байкауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалға:

«Дарын» квартеті - Облыстық «Алтын дауыс» байқауының 3 – орын иегері, республикалық Ә.Молдағұлова атындағы патриоттық әндер байқауының І орын иегері, Халықаралық «Европа + Азия» байқауының алтын кубогі иегері.

«Қорған» тобы - Облыстық Ш.Қалдаяков атындағы «Ақ ерке Ақжайық» байқауының 3 – орын иегері, І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері, облыстық «Дала дарындары» байқауының 1 – орын иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің құрмет грамотасы иегері, Халықаралық На Николаевской атындағы шығармашыл жастар конкурсының І орын иегері.

Дауренбек Мергалиев - Облыстық «Дала дарындары» байқауының дипломанты, Республикалық «Жас қанат» байқауының 1 – орын иегері.

Рустем Кереев - Облыстық «Студенттік көктем» байқауының бас жүлдегері, Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының 2 – орын иегері.

Армат Амандықов - Аймақтық «Ержүрек Мәншүк» байқауының бас жүлде иегері, бүгінгі таңда ҚҰӨУ-ң студенті.

Бақтылы Кунебаева - Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының дипломанты, Х фактор байқауының финалисті.

Айтемір Даулетқалиев - І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері.

«БатысSTAR» тобы - Облыстық патриоттық әндер байқауының 3 – орын, Халықаралық «На – Николаевской» байқауының ГРАН-При, І.Жақанов атындағы Халықаралық «Еділ мен Жайық» байқауының 2 орын иегері т.б...

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда 2014ж. БҚМУ профессорлық оқытушылар және қызметкерлер арасында өтетін дәстүрлі спартакиядаға қатысып үздік команда жетекшісі дипломымен марапатталды.

Болашақ музыка мұғалімінің вокалдық ансамбльде ән айтуға және компьютерлік музыка шығармашылығы мәселелері жөнінде ғылыми еңбектеніп, магистрлік диссертациясын жазып бірнеше мақалалары жарық көрді. 8-ден астам музыкалық шығармаларды әртүрлі вокалдық ансамбльдер құрамдарына арнап аранжировкалап, репертуарларына ендірді. Бірнеше әндердің авторы.

Педагог, өзінің біліктілігін арттыру мақсатында

- КГУ им. Коркыт Ата - "Психология музыкального образования и психология музыки" курс повышения квалификации - лектор д.п.н., профессор, Вице - Президент МАНПО, зав.кафедрой методологии и методики музыкального образования МГПУ Э.Б. Абдуллин. № 127.

- ЗКГУ им. Утемисова - "Театральное искусство" - мастер - класс д.и. профессора Б.К. Кундакбаева.(2006) № МК2006.6

- ЗКГУ им. Утемисова - "Оператор ПК" - Директор РЦ ПКиПК И.М.Ломоносов.(2008) № ОП-008 027.

- ЗКГУ им. Утемисова - "Работа со звуком в программе Sony ACID PRO 6.0" - Директор РЦО И.М.Ломоносов.(2009) № 00709.

- ЗКГУ им. Утемисова - "Нынешние проблемы традиционно-музыкального искусства" - мастер класс Заслуженного артиста РК, Лауреата Государственной премии Б.Тлеуханова. (2009) № Д00906.

- СГУ им. Н.Г. Чернышевского- «Развитие личности средствами искусства» прохождение стажировки (сертификат)

- 2014ж Кеңес Одағының Халық әртісі, Саратов коонсерваториясының профессоры Л.А. Сметанниковтың мастер – классы сертификат.

- 2014ж. «Технологии развития личности средствами искусства» Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті біліктілікті арттыру - сертификат.

- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Развитие личности средствами искусства» Халықаралық ғылыми-практикалық магистранттар арасындағы конференциясы - сертификат.

- 2014ж. Самарская государственная академия культуры и искусств «Информационные и комуникационные технологии в образовании» - сертификат.

- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Музыкально-инструментальная подготовка» доцент Т.А. Палагинаның мастер – классы - сертификат.

- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Концертмейстерская подготовка» доцент Т.А. Корчагинаның мастер – классы - сертификат.

Автордың жарияланған мақалалар тізімі:

а) в изданиях, рекомендованных ВАК РФ:

1. Кисметов, К.Л. Особенности профессиональной компетентности студентов творческих специальностей / К.Л. Кисметов // Журнал «Современная наука - актуальные проблемы теории и практики: Серия Гуманитарные науки» - 2016. - № 10. – С. 34.

2. Кисметов, К.Л. Формирование профессиональной компетентности студентов музыкального образования, в процессе педагогической практики / К.Л. Кисметов // Журнал «European social science journal» – 2017. - №10. – С. 281 – 287.

3. Кисметов, К.Л. Пути организации профессионально – педагогической деятельности учителя музыки / К.Л. Кисметов // Журнал «Вестник выссшей школы – Alma mater» - 2017. - №12. – С. 67 – 70.

б) в изданиях, рекомендованных Scopus:

1. Кисметов, К.Л. HIGHLY QUALIFIED SPECIALISTS’ TRAINING IN THE FIELD OF MUSIC EDUCATION / K. L. Kismetov1 and K. D. Aitkalieva2 // Journal «Man In India, Serials Publications» - 03. 2017. - № 97. - 391-399

в) в сборниках научных трудов и материалах научно-практических конференций:

1. Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. Учреждения культуры и искусства: История, современность, перспективы развития/ Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. // Гуманизация образовательного пространства: по материалам I Международной научно - практической конференции. 2015г. – Саратов: ФГБОУ ВО СГУ имени Н.Г. Чернышевского, 2015. - С. 3 – 5.

2. Кисметов К.Л. Перспективные пути развития и содержание в организации досуга студентов / К.Л. Кисметов // Подготовка кадровых вопросов в области искусства и культуры Республики Казахстан в высших и средних учебных заведениях; по материалам Региональная научно-практическая конференция. 2011г.- Уральск.- С.133-136.

3. Кисметов К.Л. Музыка сабақтарында компьютерлік «Финал» ноталық редакторлық бағдарламасын тиімді қолдану жолдары. Материалы V Республиканской научно-практической конференции «Махамбет оқулары (Махамбетовские чтения),2013г. – Уральск, 2013. – С. 306-308.

4. Кисметов К.Л. «Электронды музыка арқылы жоғары оқу орын студенттерін шығармашылыққа тәрбиелеудің перспективалық жолдары. Перспективные пути творческого воспитания студентов вуза с помощью электронной музыки: по материалам Научного журнала Вестник ЗКГУ им. М. Утемисова. № (53)-2014. – Уральск. 2014. –С 111-114.

5. Кисметов К.Л. «Развитие музыкального творчества средствами компьютерных технолоий у старшеклассников Казахстана. / Кисметов К.Л.// Развитие личности средствами искусства: по материалам Международной научно - практической конференции магистрантов. 2014. – Саратов. 2014. –С.15-19.

6. Кисметов К.Л. Перспективы творческого воспитания электроной музыки для студентов вуза (Жоғарғы оқу орын студенттерін электрондық музыка шығармашылығына тәрбиелеу перспективасы). Материалы научной- практической конференции студентов и магистрантов "Молодежь и наука". 2014г. – Уральск. 2014. –С. 59-61.

7. Кисметов К.Л. Мектептегі музыка сабақтарында компьютерлік "MUSESCORE", "Karaoke" бағдарламаларын тиімді пайдалануға және музыка сабақтарын жаңаша жоспарлауға музыкалық білім студенттерін бағыттау. / Кисметов К.Л. // Педагогикалық үздік тәжірибе мектебі. 2015г. – Уральск. 2015. – С. 18-23. (Инновациялық жоба – 2 орын).

8. Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. Управление формированием профессиональной компетентности студентов творческих специальностей Вузов Казахстана. / Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. // Вестник научного сообщества: Актуальные проблемы психолого - педагогического и специального образования: Сборник статей молодых исследователей, 2014. – Саратов: Москва. Издательство "Перо. 2015. – С. 48 – 54.

9. Кисметов К.Л., Куаншалиева Р.Ж. Құзырлы жоғары маман дайындау - жаңа заманның өзекті мәселелерінің бірі: по материалам Научного журнала Вестник ЗКГУ им. М. Утемисова. № (1)-2016 г. - Уральск. 2016. – С. 141-143.

10. Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. Особенности профессиональной компетентности студентов творческих специальностей / Кисметов К.Л., Рахимбаева И.Э. // Культурное наследие г. Саратова и Саратовской области: Материалы IV Международной научно- практической конференции. 22-24 октябрь 2015. – Саратов. 2015. –С. 305-313.

11. Куаншалиева Р.Ж., Кисметов К.Л., Музыкалық білім студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптасу жолдары / Куаншалиева Р.Ж.Кисметов К.Л.// Сохранение и развитие национальных ценностей в культуре современного Казахстана: Материалы республиканской научно-практической конференции. 2 октябрь 2017. – Уральск. – С. 50-53.

12. Кисметов К.Л., Куаншалиева Р.Ж., Музыка мұғалімін қалыптастырудағы педагогикалық практиканың тиімділігі / Кисметов К.Л., Куаншалиева Р.Ж. // Наука и образование в глобальном мире: Материалы международной научно-практической конференции. 19-20 октябрь 2017. – Уральск. – С 162-165.

13. Кисметова Г.Н., Кисметов Қ.Л., Калиева А.А., Ситалиева Р.Э. Профессионально-ориентированный иностранный язык для студентов специальности «Музыкальное образование»: Учебное пособие – Уральск. РИЦ ЗКГУ им. Утемисова, 2017. 127с

Еңбек еткен жылдарында өзін жоғары кәсіби деңгейде университеттік, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өткен байқауларда, мәдени-концерттік шараларда «Дарын», «Қорған» «БатысStar», «Інжу» топтары және жеке дауыста Гүлназ Құсайынова, Мейрамбек Жұмаев сынды студенттерді қатыстырып, қалалық әкімдіктен, облыстық Мәдениет басқармасының алғысына бөленіп, аймақтың шығармашылық өміріне өз үлесін қосты. Оқу жоспарында бекітілген пәндер бойынша практикалық сабақтар өткізді. Педагогикалық ұжым мен студенттер арасында үлкен құрметке ие, мінезі ашық. Өзіне жүктелген істі міндетті түрде жауапкершілікпен атқарады.

Әрқашан көмекке келуге дайын тұрады, қызметтік міндеттерін орындауға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өз кәсіби деңгейін жоғарылатуда үнемі жұмыстанады.


Печать